Date of publication: 29.03.2017 10:08
Date of changing: 29.03.2017 10:09

Наурыз – достық мейрамы

Біздің елімізге тамаша мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы келді. Наурыз – көктемнің келуін жариялап, табиғаттың жаңаруы, сонымен бірге адамдар бір – біріне жылы лебіздерін білдіріп, жақсы тілектермен мерекені қарсы алады. Наурыз мейрамы- қазақстандық этнос өкілдерінің бейбітшілік пен келісім, сенім мен үйлесім сияқты құндылықтарының ажырамас бөлігіне айналды.

Таран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында  Наурыз мерекесіне арналған іс – шара өткізілді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Наурыз мейрамын мерекелеуге құрметті демалыстағы басқарманың қызметкерлері шақырылды. Басқарма басшысы  К.Т. Мұқанов өз әріптестерін және шақырылған қонақтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, олардың барлығына зор денсаулық, бейбітшілік пен мейірімділік тіледі.  

Басқарма қызметшілері ұлттық киімдер киіп, әлем халықтарының ұлттық тағамдарын дайындап, дәм татты. Бұл жерде қазақ ұлттық тағамдарымен қатар, неміс, итальян, кәріс, болгар халықтарының тағамдарын ұсынып қана қоймай, одан дәм тату мүмкіндігіне ие болды. Адамдар осы елдердің мәдениетімен кеңірек танысып, бұл олармен жақын тіл табысып, әрқашан бәріне ортақ бір ерекшелікті табуға жағдай жасалды. Осылай, ұлтаралық келісімді нығайтуға тағы да бір мүмкіндік пайда болды. Ең ғажайып нәрсе, ол елімізде орныққан бейбітшілік пен келісім, біздің түріміз бөлек болғанмен, тілегіміз бір, барша қазақстандықтар бір шаңырақ астында ынтымағы жарасқан бір отбасындай ғұмыр кешіп жатқанымыз, әрқайсымызды қуантады.

 

Таран ауданы бойынша МКБ