Date of publication: 19.02.2025 18:24
Date of changing: 19.02.2025 18:27
ЕАЭО кедендік аумағына халықаралық почта жөнелтілімдерінде жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар – құны 200 Еуроға баламалы сомадан аспайтын және (немесе) халықаралық почта жөнелтілімдерінің брутто салмағы 31 кг аспайтын кедендік төлемдер төлемей әкелінеді.
Құндық және (немесе) салмақтық нормадан асып кету бөлігінде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімімен кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкалары белгіленді, олар құнның 15 пайызын құрайды, бірақ 1 кг салмақ үшін 4 еуродан кем емес.
Сонымен қатар, "e-salyq Azamat" мобильдік қосымшасы арқылы жолаушылар кедендік декларациясын сәлемдеме орналасқан жердегі аумақтық кеден органына беру мүмкіндігі бар екенін еске саламыз.
Кедендік бажды төлеу салық төлеушінің тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер органына бюджеттік сыныптама коды (КБК) бойынша 106104 жүргізіледі.