Date of publication: 27.02.2025 15:51
Date of changing: 27.02.2025 15:57

Заңсыз тауар айналымына қарсы күрес: Қостанай облысында заңсыз темекі өнімдерін әкелудің жолы кесілді

2025 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдары мен Шекара қызметінің табысты ынтымақтастығы нәтижесінде контрабанда фактісі анықталды. Қазақстан Республикасының 32 жастағы азаматы ел аумағына 9 мың қорап темекі бұйымдарын қарапайым тауарлар ретінде  жасырып әкелуге тырысты.

Бұндай жағдай алғаш болып жатқан жоқ. Бұған дейін, 2025 жылғы ақпанда «Қайрақ»  АӨП арқылы осындай әрекет жасалған болатын: 39 жастағы Қазақстан азаматы пошта жөнелтілімдері түрінде  жасырылған мыңнан астам снюсті өткізуге тырысты.

2024 жылы Қостанай облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен шекарашылар қажетті ілеспе құжаттарсыз 100 мыңнан астам темекі өнімдерін әкелудің 18 фактісін анықтағанын атап өту маңызды. Контрабанда мен көлеңкелі нарыққа қарсы бұл шаралар тұтынушыларды қорғау  мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес акцизделетін өнімді сәйкестендіру құралдарынсыз және есепке алу-бақылау маркаларынсыз сақтауға, өткізуге және тасымалдауға қатаң тыйым салынады. Бұл заң азаматтың мүдделерін қорғауға ғана емес, сонымен бірге заңсыз нарықтармен күресуге де ықпал ететінін  естеріңізге сала кетейік.

2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған, темекі шекпейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салатын Жарлық күшіне енді. Шаралар ұлт денсаулығын нығайтуға және жастар арасында зиянды  әдеттердің таралуын болдырмауға бағытталған.