Date of publication: 05.03.2025 15:33
Date of changing: 05.03.2025 15:41

2025 жылдың 1 сәуірі жеке тұлғалардың 2024 жылға көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар (Салық Кодексінің 490-бабының 3, 4, 5, 6-тармақтарына сәйкес азаматтардың жеңілдетілген санатын қоспағанда) көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылады.

Жеке тұлғалар 2024 жылғы салық кезеңі үшін салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша бюджетке 01.04.2025 жылдан кешіктірмей жүргізеді.

Салықты есептеуді салық кодексінің 492-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық төлеуші дербес жүргізеді.

Салық төлеушілер салық сомасын есептеуді мемлекеттік кірістер Комитетінің (http://www.kgd.gov.kz//)  сайтында  көлік құралы туралы мәліметтерді толтыру арқылы көлік салығын есептеу «Электрондық сервистер» , «калькуляторлар» бөлімінде жүргізе алады.

Сонымен қатар, салықты уақтылы төлемеген жағдайда өсімпұл есептелетінін, уәкілетті органдар тіркеу іс-әрекеттерін шектеуді, салық төлеушінің елден тыс жерлерге шығуын, борышкерді қамауға алуды,  көлік  құралын айыппұл  салуға  орналастыруды  жүргізетінін хабарлайды.

Алдыңғы кезеңдердегі салық берешегі туралы ақпаратты ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің  www.kgd.gov.kz  интернет-ресурсынан және «Электрондық үкімет» порталында «Электрондық сервистер», «салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер»  бөлімінде, азаматтың ЖСН бойынша көруге болады.

Туындаған мәселелер бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну қажет, қызметкерлердің байланыс телефондары Мемлекеттік  кірістер  департаментінің  интернет-сайтында орналастырылған.