
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Бақылау-кассалық машинаны есептен шығару тәртібі туралы
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілерге бақылау-кассалық машинаны (БКМ) салық органында есептен шығару тәртібі туралы хабарлайды.
БКМ келесі жағдайларда есептен шығарылады:
сауда, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау кезінде қолма-қол ақша қабылдауға қатысты қызметтің тоқтатылуы;
техникалық ақауына байланысты БКМ-ді одан әрі пайдалану мүмкін болмаған жағдайда;
БКМ-нің мемлекеттік тізілімнен алынуы;
жұмыс істеп тұрған БКМ-ді жаңа үлгіге ауыстыру;
БКМ-нің ұрлануы немесе жоғалуы (ішкі істер органдарына берілген өтініштің көшірмесі және/немесе жоғалғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабарландырудың көшірмесі болған жағдайда);
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайлар.
БКМ есептен шығарылады:
деректерді беру функциясы бар БКМ – фискалдық деректер операторынан алынған ақпарат негізінде;
деректерді беру функциясы жоқ БКМ – салық төлеушінің өтініші негізінде.
Деректерді беру функциясы жоқ БКМ (аппараттық-бағдарламалық кешендерден басқа) үшін келесі құжаттар қажет:
БКМ-ді есептен шығару туралы салықтық өтініш;
Салық органдарының пломбасымен жабдықталған фискалдық жады блогы бар БКМ;
Қолма-қол ақша және тауар чектерін есепке алу кітаптары (тігілген, нөмірленген, салық органының мөрі және лауазымды тұлғаның қолы қойылған);
БКМ-нің тіркеу карточкасы.
Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ үшін:
салықтық өтініш ұсынылады;
«Салық инспекторының жұмыс орны» модуліне қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
БКМ-ді есептен шығару өтініш немесе фискалдық деректер операторының ақпараты түскен күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қосымша ақпарат алу үшін Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласыңыз:
Мекенжай: Қостанай қ., Мауленов көшесі, 21
Байланыс телефондары: 28-13-38, 28-10-26, 28-13-09