
Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағасының көбеюі
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 128 «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» қаулысына сәйкес 2017 жылғы 10 сәуір айынан бастап фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке және папиростарға үш жүз теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленген.
Бөлшек саудада фильтрлі, фильтрсіз сигареттерін және папиростарын бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен өткізуге тыйым салынады.
Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы