
Батыл жан – арамызда!
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қостанай-КРО» кеден бекетінің қызметкері Қарлығаш Әділханқызы Абрахманова нағыз ерлік көрсетті!
Дәрігердің қабылдауына кезекте тұрған сәтте, белгісіз біреу оның әмияны мен ұялы телефонын ұрлап кеткен. Алайда Қарлығаш саспай, ұрыны қуып жетіп, полиция қызметкерлеріне тапсырды!
Бұл әрекеті үшін Қарлығаш Әділханқызы Полиция күніне орай қылмыстың алдын алуға қосқан үлесі және қылмыскерді ұстауға көмектескені үшін алғыс хатпен марапатталды!
Мұндай батыл қадам – нағыз азаматтық жауапкершілік пен ерлікке тән қасиет.
Қарлығаш – тек өз ісінің маманы ғана емес, сонымен қатар әділдік жолында ешқашан шегінбейтін қайсар жан.
Қызмет бабында да, күнделікті өмірде де елге үлгі болатын әріптестерімізбен мақтанамыз!