
«Қызыл түйме» – КГД Төрағасына тікелей байланыс
⠀ ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық қызметтердің сапасын арттыру және адамға бағытталған тәсілді кеңейтуді жалғастыруда.
⠀Енді еліміздің барлық мемлекеттік кірістер органдарында QR-код түріндегі «қызыл түйме» орнатылған.
⠀ Оны сканерлеп, салық төлеушілер КГД Төрағасына тікелей хабарласып, нақты мәселелерін жолдай алады.
⠀Бұл тәсіл — бюрократиялық кедергілерсіз, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
⠀Мақсат — азаматтардың өтініштерін жылдам қарап, салық қызметтерін барынша қолжетімді ету.