
Құрметті салық төлеушілер!
Жеке тұлғаның, жеке кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның немесе заңды тұлғаның тіркелуі туралы мәліметтерді тексеру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚМ МКК) ресми сайтындағы онлайн-сервистерді пайдалануыңызды хабарлаймыз.
Салық төлеушіні іздеу сервисіне кіру үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз:
[portal.kgd.gov.kz] → Қызметтер мен сервистер → Салық төлеушіні іздеу → Салық төлеуші санаты.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа ақпараттық жүйесіне – ИСНА көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Салық төлеушілерге Интеграцияланған салықтық әкімшілендіру жүйесінің (ИСНА) салық төлеуші кабинетін (КНП ИСНА) уақтылы пайдалану қажеттігін ескертеміз.
ИСНА жүйесі – Қазақстан Республикасындағы салықтық әкімшілендіруді толық цифрландыруды көздейді.
Жаңа КНП ИСНА жүйесіне кіру сілтемесі:
https://knp.kgd.gov.kz
Толық нұсқаулықтар «Қолдау» – «Көмек» – «Анықтамалық ақпарат» бөлімінде орналастырылған.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда knpsd@ecc.kz электрондық поштасы арқылы техникалық қолдау қызметіне жүгінуіңізге болады.