Date of publication: 05.09.2025 10:51
Date of changing: 05.09.2025 10:53

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 15 қыркүйекке дейін келесі декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталатынын еске салады.

- Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан)

- Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан)

Декларациялар тұрғылықты жері бойынша тапсырылады.

2025 жылдан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны келесі тұлғалар тапсыруға міндетті:

1. 2024 жылы 31 желтоқсанда шетелде мүлкі барлар Қазақстан Республикасының азаматтары және резиденттері.

2.Сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар, сондай-ақ олардың жұбайлары;

3. Мыналардың ірі қатысушысы мәртебесіне үміткер тұлғалар: банктер, бағалы қағаздар нарығы және сақтандыру ұйымдары, сондай-ақ олардың жұбайлары;

4.Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);

5.Цифрлық активтері бар ҚР азаматтары және резиденттері.

2025 жылдан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны: 1. ҚР азаматтары, жеке тұлғалар - резиденттер есепті салық кезеңі ішінде мынадай шарттардың біріне сәйкес келген кезде:

- мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;

- банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;

- басшылар; квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғамдар акцияларының) 10% -нан астамын иеленетін заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары;

- жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);

- дербес салық салуға жататын табыс алған тұлғалар (мүлікті жалға беруден түскен табыс; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен операциялардан түсетін кірістер; ДК-дан түсетін табыстарды қоспағанда, салық төлем көзінен ұсталмаған өзге де табыстар);

- шетелдік банктердің шоттарында ақша қаражаты бар тұлғалар, егер олардың сомасы жиынтығында 1000 АЕК-тен асатын болса;

- шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ПФЗ, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлесі; тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі);

- меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;

- есепті салық кезеңі ішінде құны 20 000 еселенген АЕК артық мүлік сатып алған тұлғалар, оның ішінде ҚР тыс жерлерде (мысалы: 2024 жылы - 73 840 000 теңге, 2025 жылы - 78 640 000 теңге);

- салық агентіне басқа да шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.

2. Бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар мынадай шарттардың бірі болған жағдайда:

1) есепті салықтық кезеңде Қазақстан Республикасындағы көздерден жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерді алған;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген адамдар болып табылса, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырады.

Тапсыру тәсілдері:

Электрондық түрде: Салық төлеуші кабинеті (cabinet.salyk.kz) – Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталында; Электронды үкімет порталы egov.kz; Мобильді қосымшалар: e-Salyq Azamat, eGov mobile, moldir.qoldau.kz, HALYKBank (HALYK), ЦентрКредитБанк (bcc.kz).

Қағаз түрінде: Мемлекеттік кірістер органдарына өзі келу тәртібімен; ХҚКО арқылы; Пошта арқылы (тапсырылған хатпен).