Date of publication: 12.09.2025 11:11
Date of changing: 12.09.2025 11:12

ҚР 2025 жылғы 15 шілдедегі № 208-VIII Заңымен қолданыстағы Салық кодексінің ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олардың кейбіреулері 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

Интернет-платформалардың операторлары салық агенттері ретінде танылады.

Интернет-платформалар операторының міндеттері толықтырылды:

Көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформалардың операторлары салық органдарына интернет-платформада тіркелген, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге интернет - платформаны пайдалана отырып жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті.

Екінші деңгейдегі банктер салық органына активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлға бойынша мәліметтерді ұсынуға міндеттенді:

- банктік шоттардың болуы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы,

-күнтізбелік жыл ішінде құны 20 000 еселенген АЕК-тен асатын мүлікті сатып алуға байланысты жеке тұлғаның банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы.

Салық органдарына салықтық әкімшілендіру кезінде салық органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіруді қолдануға рұқсат етіледі.

Акцизделетін тауарларға бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жаңа норма:

Міндетті таңбалауға жататын тауарларды бөлшек саудада өткізу кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары арқылы операцияларды есепке алу тауарларға салынған сәйкестендіру құралдарын оқу арқылы ғана жүзеге асырылады.

ҰБТ-ға түзету енгізілді, оған сәйкес пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі коммерциялық емес ұйымдарға жатқызылды.

ҰБТ көппәтерлі тұрғын үй мен кооператив мүлкінің меншік иелері бірлестіктерін пәтерлердің (тұрғын емес үй-жайлардың) меншік иелерімен мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) үшін тіркеу алымы мен ставкалар енгізілді.