Date of publication: 18.09.2025 13:00
Date of changing: 18.09.2025 13:01
2026 жылғы көлік салығы бойынша өзгерістер
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығын есептеу мен төлеу тәртібіндегі жаңалықтар туралы хабарлайды.
Негізгі өзгерістер:
Ағымдағы төлемдерді есептеу алынып тасталды (бұрын әр жылдың 5 шілдесіне дейін тапсырылатын).
Заңды тұлғалар үшін салық төлеу тәртібі өзгерді.
Жаңа тәртіп (заңды тұлғалар үшін):
Салық кезеңі бұрынғыдай күнтізбелік жыл болып қала береді (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін).
Көлік салығы бойынша декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады.
Салық декларация тапсыру мерзімінен кейінгі 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей төленуі тиіс, яғни 10 сәуірге дейін.
Көлік құралдарының санаты техникалық паспорттағы жүргізу құқығы санаты бойынша айқындалады.
Жеңіл автомобильдер үшін пайдалану мерзіміне қарай түзету коэффициенттері енгізіледі:
0,7 — 10 жылдан 20 жылға дейін (қоса алғанда);
0,5 — 20 жылдан асқан жағдайда.
2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өндірілген немесе әкелінген көлемі 3000 куб. см.-ден асатын жеңіл автомобильдер үшін ставкалар алынып тасталды.
Ескі автомобильдерге салық мөлшерлемелері төмендетілді:
10 жылдан асқан — 30%-ға;
20 жылдан асқан — 50%-ға.