Date of publication: 14.10.2025 10:53
Date of changing: 14.10.2025 10:55

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап

2021 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VI ҚРЗ «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы»

Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 574-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес:

Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем төлеушілер болып келесі нысандардың операторлары танылады:

I, II және III санаттағы нысандардың операторлары,

Экологиялық кодекске сәйкес айқындалады.

Келесі тұлғалар төлем төлеушілер болып табылмайды:

• IV санаттағы нысандардың операторлары;

• Нормалауға және санаттауға жатпайтын нысандардың операторлары;

• Жылжымалы ластаушы көздердің иелері (көлік құралдары және т.б.).

Аталған тұлғалар қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемді төлемейді және бұл төлем бойынша салық есептілігін тапсырмайды.

Назар аударыңыз!

Нысанның қоршаған ортаға теріс әсер ету санатын дұрыс анықтау үшін

Экологиялық кодекске сәйкес санаттауды жүзеге асыратын

қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жүгінуді ұсынамыз.

Мемлекеттік кірістер комитетінің Байланыс орталығы: 1414

Сайт: www.kgd.gov.kz