Date of publication: 05.05.2015 12:47
Date of changing: 05.05.2015 16:14

«Мемлекеттік қызмет көрсетулер»

тақырыбына дөңгелек үстел

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Мемлкеттік қызмет көрсету» тақырыбына «Баян-Сулу» АҚ, «Варваринское» АҚ, «Агромашхолдинг» АҚ, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «Иволга-холдинг» ЖШС, «ССГПО» АҚ сияқты облыстың ірі сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларымен қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Кедендік ресімдеу басқармасының бас маманы Евгений Александрович Найденов отырғандарға 2014 жылғы 1 маусымнан бастап 2014 жылғы 4 сәуірдегі №319 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден органдары көрсететін Мемлекеттік қызмет стандарттары қолданысқа енгізілгенін айтты.

Қазіргі таңда Қостанай облысы бойынша Мемлкеттік кірістер департаментінің кеден бекеттері мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес мемлкеттік қызмет көрсетудің бір түрі, атап айтқанда  «Кедендік тазарту және тауар шығару»мемлекеттік қызмет көрсету стандартын көрсетеді.

«Кедендік тазарту және тауар шығару» - мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 271, 277-баптарына,  Қазақстан Республикасының «Кеден органдарының лауазымды тұлғаларымен тауарларды кедендік тазарту өткізу Ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 12 қазандағы №1058 Үкімет қаулысына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі тауарларға декларациялар ретінде пайдаланылатын тауарларға декларацияларда, коммерциялық, көліктік (тасымал) құжаттарында  тиісті белгі енгізу, сондай-ақ, кеден органының ақпараттық жүйесіне тиісті мәлімет немесе қызметті көрсетуден бас тартауға себепті жауап арқылы Кеден одағы және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамаларымен бекітілген мәлімделген кедендік рәсімдер және тәртіпке сәйкес  шығарылған тауарлар болып табылады.

Қостанай облысы бойынша Мемлкеттік кірістер департаментінің кеден бекеттері 3 ай ішінде 3335 КД ресімделді.

2015 жылғы 1 тоқсанда ресімделген КД көлемі 1 күн ішінде 3204 КД құрады. Пайыздық қатынаста «бір күнде » жүйесі бойынша ресімделген КД көлемі 96,1%.

Мемлекеттік қызмет көрсетулер кезінде Департаменттің қызметі келесі қағиадаларға  негізделеді:

1)      адамның бостандығын және конституциялық құқықтарын сақтау;

2)      қызметтік міндетін атқару кезінде заңды сақтау;

3)      сыпайылық;

4)      мемлекеттік қызмет көрсету процедурасы туралы барынша толық ақпаратты беру;

5)      ақпаратты құпия және сақтау;

6)      тұтынушылар берген құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

Сондай-ақ,  Тауар номенклатурасы және кедендік құн басқармасының бас маманы Мурат Альмуратович Альжанов мемлекеттік қызмет стандарты «тауарды сыныптау бойынша алдын ала шешім» туралы және аталмыш қызметті Тауар номенклатурасы және кедендік құн басқармасы ұсынатынын айтты.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

-  қызмет алушының қызмет берушіге қажетті құжаттарды тапсырған кезеңінен бастап – 20 күнтізбелік күнге;

-  қызмет алушының қызмет берушіге құжаттар пакетін беру үшін ең көп уақыт – 30 минут;

-  қызмет берушіге қызмет көрсетудің ең көп уақыты – 30 минут;

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Кеден одағының сыртқыэкономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына сәйкес тауарды сыныптау  бойынша алдын ала шешім, немесе мемлекеттік қызметтің стандартында көрсетілген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы себепті жауап беру.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі қағаз түрінде беріледі.

Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетуге кедендік алымдар төленеді, тауарды сыныптау бойынша алдын ала шешім қабылдауға Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген нақты марка, үлгі, артикуль және модификацияны қосатын тауардың әр түріне 70 евро көлемінде төленеді.

Тауарды сыныптау бойынша алдын ала шешім қабылдауға кедендік алымдар тауарды сыныптау бойынша алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш бергенге дейін төленеді.

Тауарды сыныптау бойынша алдын ала шешім қабылдауға кедендік алымдар бюджетке ұлттық валютада қолма қол тәсілмен төленеді:

-       Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің лицензиясы бар екінші деңгейлі банкттер, сондай-ақ, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыраты ұйымдар арқылы;

-       Қызмет берушілердің әкімшілік ғимараттарында орнатылған екінші деңгейлі банкттердің электрондық терминалдары арқылы төлем карточкаларын пайдалану арқылы;

-       Қызмет берушінің ғимараттарында орналасқан банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейлі банкттер және ұйымдар кассалары арқылы;

Қызмет берушінің жұмыс кестесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, демалыс және мерекелік күндерден тыс дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асыралады.

Қызмет беруші жүгінген кезде мемлеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:

-    толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы,  тауардың негізгі техникалық,  коммерциялық сипаты және тауарды сыныптауға мүмкіндік беретін өзге ақпараттан тұратын ерікті нысанда тауарды сыныптау бойынша алдын ала шешім қабылдауға өтініш;

-    алдын ала шешім қабылдауға кедендік алымның төленуін растайтын құжат.

Қажеттілігіне орай фотосуреттер, суреттер, сызбалар, өнім паспорты, тауарлардың сынамалары мен үлгілері және қызмет берушінің мөрімен расталған алдын ала шешім қабылдау үшін басқа да құжаттар ұсынылады.

Алдын ала шешім нақты марка, үлгі, артикуль және модификациялауды қосатын тауардың әр түріне қабылданады.

Қызмет беруші ұсынған мәліметтер алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болса,  қызмет берушіге алдын ала шешім қабылдау туралы арыз берген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қосымша ақпаратты ұсыну қажеттігі туралы хабарланады. Қосымша ақпарат қызмет алушының жазбаша хабарламасы күнінен бастап отыз күн ішінде ұсынылуға тиіс.

Егерде кызмет берушінің және оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздікке) шағым беру кезінде арыз Министрлік басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның атына, немесе қызмет берушінің басшысының атына жазбаша түрде беріледі.

Арыз  беруді растау өтінішті қабылдаған тұлғаның аты - жөні мен фамилиясын, берілген арызға жауап алу мерзімі мен орнын көрсету  арқылы қызмет берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі болып саналады (мөр, кіріс нөмірі және күні). Тіркелгеннен кейін арыз қызмет берушінің басшысына, Министрлікке, жауапты орындаушыны анықтауға және сәйкесінше шара қабылдау үшін жіберіледі.

 Қызмет алушының Министрліктің, қызмет көрсету басшысының мекен жайына келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша арызы тіркеуден өткен күннен бастап 5 жұмыс күнінде қарастырылуға тиіс.

Мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларымен келіспеген жағдайда қызмет алушы сотқа шығамдануға құқылы.