Date of publication: 25.11.2025 17:47
Date of changing: 25.11.2025 17:49
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс уақыты тәртібін сақтау 
Мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуінің негізгі аспектілерінің бірі — жұмыс уақыты тәртібінің қатаң сақталуын бақылау . Еңбекті ұтымды ұйымдастыру және белгіленген күн тәртібін сақтау мемлекеттік қызметшілердің өндірістілігін , тәртібін  және жауапкершілігін  арттырып, мемлекеттік функциялардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді .
Жұмыс уақытының тәртібі ҚР Еңбек кодексімен , «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен  және өзге де нормативтік актілермен реттеледі. Осы құжаттарға сәйкес, жұмыс уақыты — бұл мемлекеттік қызметші өз лауазымдық міндеттерін орындауға тиіс белгіленген жұмыс күні немесе аптасы шеңберіндегі уақыт .