
Салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша
өзгерістер туралы түсіндірме
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 26-VІ заңымен Салық кодексінің 67, 162 және 364 баптарына 2017 жылғы 1 қаңтардан күшіне енетін өзгерістер енгізілген.
Сонымен қатар, «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 579 бұйрығымен Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық бойынша декларациясы ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларациясына өзгертіліп шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу бойынша ақпарат қөрсетілетін қосымшасымен толықтырылды, яғни 200.00 және 210.00 нысандары 2017 жылғы 1 шілдеден қолданысқа енетін бір ортақ ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларациясына (СЕН 200.00) нысанына біріктірілді.
Бұл ретте, кәзіргі уақытта «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығының (әрі қарай – Бұйрық) біріктірілген СЕН 200.00 және оны толтыру ережелерін қолданысқа ену мерзімі бөліміне өзгертулер енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» заңының 11 бабының 3 тармағына сәйкес егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады.
Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер қолданылады
Жоғарыда жазылғанға сәйкес, Бұйрыққа енгізілетін өзгерістердің күшіне енгенге дейін, салық агенттерінің Қазақстан азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша салық есептілігін ұсыну міндетерін орындау мақсатында Бұйрықпен бекітілген 200.00 және 210.00 нысандарын тапсыруы, Салық кодексінің 584-бабына сәйкес салық агенттерінің міндетерінің орындалуы деп саналады.
Бұйрыққа енгізілетін өзгерістердің күшіне енгеннен кейін салықтық міндеттемені орындағанда, біріктірілген СЕН 200.00 тек қана салық есептілігін ұсынбаған салық төлеушілермен тапсырылады, аталған міндеттеме салық есептілігін 200.00 және 210.00 нысандарында тапсырып қойған салық агенттеріне таратылмайды.
Қостанай қаласы бойынша МКБ