Date of publication: 28.11.2025 10:01
Date of changing: 28.11.2025 10:01

2025 жылдың 27 қарашасында Департаментте жаңа Салық кодексіндегі негізгі жаңалықтар мен өзгерістер қаралған техникалық оқыту өткізілді . Оқыту жұмысын Түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Бекмұхамедова Зарина Серімжанқызы жүргізді .

Кездесу барысында жаңа Кодекстің негізгі қағидалары жан-жақты түсіндірілді, оның ішінде:

корпоративтік табыс салығына қатысты өзгерістер ;

салықтық есептілікті оңтайландыру және цифрландыру 

салық төлеушілерге жүктелетін жаңа міндеттемелер мен қарастырылған жеңілдіктер ;

әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету және ашықтықты арттыру ;

бизнеске түсетін жүктемені азайту және кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған шаралар .

Жаңа Салық кодексі экономиканың ашықтығын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған .

#СалықКодексі2025 #ТүсіндіруЖұмыстары #Департамент #СалықЖаңалықтары #Цифрландыру

#ҚОСТАНАЙМКД