
ИС «ЭСФ»-те жаңа функциялар енгізілді Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің ережелеріне сәйкестендіру шеңберінде ИС «ЭСФ»-ке келесі жаңа функциялар енгізілгенін хабарлайды: 1. Резидент емес тұлға үшін ЭСФ жазып беру мүмкіндігі 2. ҚҚС сомаларын есепке жатқызу 3. Түзетілген, қосымша және кері қайтарылған ЭСФ-ті алушы тарапынан растау 4. ЭСФ нысанына 9-өріс – «ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою күні» қосылды 5. АВР, СНТ, ЭД, ЭСФ нысандарына ҚҚС-тың 5% және 10% мөлшерлемелері қосылды Аталған процестер туралы толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады. Жаңартулары бар әзірлеушілер жиынтығы (SDK) МКК сайтында жүктеуге қолжетімді. Сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштасына немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.




























