Date of publication: 06.05.2015 15:25
Date of changing: 06.05.2015 15:27

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Уақиға: Қостанай облысы бойынша Мемлкеттік кірістер департаменті бақылау-кассалық машинасын қолданудың жаңа тәртібіне ауысуы бойынша іс шара шеңберінде тіркеуге, БКМ есепке қоюға және қолдану жаңа тәртібіне ауысуы бойынша жауапты облыстың аймақтық салық басқарма қызметкерлерімен оқу семинары өтті.

Өткізу күні және уақыты: 2015 жылғы 5 мамыр, сағат 11-00

Өткізу орны: Қостанай қаласы, Майлина көшесі 2, МКД акт залы

Семинарға қатысушылар:

-         МКД жұмыскерлері (АТБ, ТЖБ, МҚКБ, ЖСӘК);

-         Фискалдық мәліметтерді өңдеу Қазақстан Жәрдем Ассосациясының ЗТБ вице-президенті;

-         МКБ жұмыскерлері.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты: бензиннің (авияциядан басқа), дизельдік жағармайдың, алкоголдік өнімің бөлшек  және (немесе) көтерме сауда өткізуді жүзеге асыратын салықтөлеушілердің БКМ қолданудың жаңа тәртіпке ауысу мерзімін түсіндіру.

Салықтөлеушілердің аталмыш санаты ақшалай қаражат арқылы сауда операциялары кезінде 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік кірістер органдарына деректер беру қызметі арқылы БКМ қолдануға тиіс.

Семинарды Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Марат Макенович Ескендиров ашты.

        «Бақылау-кассалық машиналарын қолданудың жаңа тәртібі» тақырыбында түсіндірумен Фискалдық мәліметтерді өңдеу Қазақстан Жәрдем Ассосациясының ЗТБ вице-президенті В.Ю. Свининых сөз сөйледі.

Семинарды Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Б.У. Ерменов семинарға қатысушыларға салықтөлеушілер арасында  БАҚ-та ақпарат, ақпараттық стендерге ақпарат жариялау арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар МКБ жұмыскерлеріне «Салық төлеушілерге жаднама» ұсынылды, БКМ тіркеу бойынша Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы әзірлеген мемлекеттік кірістер органдары деректері берілді.        

МКД және ЗТБ жұмыскерлері сөз сөйлегеннен кейін «Сұрақ-жауап» түрінде талқылау жүргізілді.