
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 2026 жылғы 3 ақпандағы бұйрығымен Унич Павел Николаевич Лисаковск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
◽️Унич Павел Николаевич 1990 жылғы 28 желтоқсанда Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2011 жылы бастаған.
◽️Мемлекеттік кірістер органдарында 9 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, оның ішінде атқарушылық және басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Алдыңғы жұмыс орны — ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының экспорттық бақылау бөлімінің басшысы. Жалпы еңбек өтілі — 12 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі өтілі — 9 жыл.




























