Date of publication: 11.02.2026 16:00
Date of changing: 11.02.2026 16:00

ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы

Құрметті кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар!

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 сәуірдегі «ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалауды енгізу туралы» № 84 шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап ЕАЭО-ға мүше екі және одан да көп мемлекеттің аумағы бойынша өткізілетін тауарларға қатысты, сондай-ақ экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде өткізілетін тауарлардың ЕАЭО аумағының шекарасында кету орнында навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау енгізілетінін хабарлайды.

Қосымша: ақпарат аудиоформатта.