
Хабарландыру
Сыраны таңбалау 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап міндетті болады.
«Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №343-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 22 қарашадағы № 330-НҚ бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап металл ыдыстарда және бөтелкелерде шығарылатын сыра мен сыра сусындарына міндетті таңбалау енгізілді.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 20.02.2026 жылы өтетін тауарларды таңбалау және қадағаалу ақпараттық жүйесінің бірыңғай операторымен кездесуге сыра мен сыра сусындарын өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бөлшек саудагерлерді шақырды.
Аталған семинарда жүйеде жұмыс істеу тәртібі жеткізіледі, сондай-ақ келіп түскен сұрақтарға жауаптар беріледі.
Өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.




























