
Мүгедектігі бар қызметкерлер үшін ЖТС (ИПН) шегерімдері: жаңа өзгерістер
2026 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа қабылдайтын барлық ұйымдар үшін бірдей шарттар белгіленді.
Енді корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктерді қолдану кезінде мүгедектігі бар қызметкерлердің еңбекақы қорының біріңғай үлесі – 51% болады.
Бұрын есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар үшін қолданылған 35% нормасы алып тасталды.
Бұл өзгеріс салық төлеушілерге қатысты таңдамалы көзқарасты жояды және жұмыс берушінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту мүмкіндігін кеңейтеді.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар қызметкерлердің өздері үшін ЖТС бойынша жеңілдіктер толық көлемде сақталады.
Норманың негізгі мақсаты — жұмыс берушілерді жұмыс орындарын құруға және сақтауға ынталандыру.
Сонымен бірге, ЖТС бойынша әлеуметтік салық шегерімдерін мүгедектік тобына қарай саралау енгізілді:
Бұрын жұмыс істейтін барлық мүгедектігі бар адамдар үшін шегерімнің шекті мөлшері 882 АЕК болса,
енді бұл мөлшер 3-топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін сақталады,
ал 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар қызметкерлер үшін шегерім мөлшері 5 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.




























