Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Чекті талап ет - жүлде ұтып ал» атты республикалық акцияны қайта өткізуде.
Аталмыш акцияның негізгі мақсаты көлеңкелі экономика көлемінің азаюы және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестіктің дамуы, сондай-ақ азаматтардың жұмыстарды, қызметті және тауарларды тұтынушы ретінде жекеменшік мүдделерін қорғау мәселелері бойынша құқықтық мәдениетін тәрбиелеу болып табылады.
Биыл акция 2017 жылғы 1 мамырдан бастап 30 қараша аралығында өтеді.
Бұл кезеңде барлық облыстарда және Астана, Алматы қалаларында әр ай сайын сыйлықтар ойнатылып, табыс етіледі.
Бас финал жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді, онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.
Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосуреттерін «Wipon» (Вайпон) қосымшасы арқылы жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Еске салатын жай, 2015 жылы Мемлекеттік кірістер комитеті алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымын азайту мақсатында, Wipon (Вайпон) компаниясымен бірлесіп, заңсыз алкоголь өнімдерін анықтау үшін мобильді қосымшасын іске қосқан болатын. Аталмыш акция электрондық түрде осы мобилдік қосымша арқылы өткізіледі (ол Play Market (плэй маркет) қосымшасында көшіріп алу үшін қолжетімді).
Акцияға қатысатын чектердің және қатысушылардың санына шек қойылмайды.
Акция екі деңгейде– біріншісі облыстық деңгейде Департаментте, екіншісі – Республикалық деңгейде Комитетте өтеді.
Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Қаншалықты көп чек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.
Жеңімпаздарды анықтау үрдісінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін әр бір облыс пен Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің жанында құрамына кәсіпкерлер қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіретін комиссиялар құрылатын болады.
Былтыр аталмыш акцияға 496 қатысушы қатысты, олар 12 788 чекті жіберді. Ай сайынғы ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға құнды сыйлықтар табыс етілді.
2016 жылғы акцияның қорытындысы бойынша салық заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін, БКМ берген бақылау чектерінің 1 488 фактісі анықталды.
Акция өткізу барысында мемлекеттік кірістер органдарынының есебіне - 116 бақылау-кассалық машина алынды, 74 жеке қәсіпкер тіркелді.
Барлық сұрақтар бойынша 53-51-89 телефонына хабарласуға болады.