Date of publication: 15.05.2017 14:51
Date of changing: 15.05.2017 15:04

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2017 жылдың  1 мамырдан 30 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы аумағында «Түбіртекті талап ет  – сыйлықты ұтып ал» науқанын өткізетінін хабарлайды.

Акцияны өткізу мақсаты:

  • Халықтың  салықтық сауаттылығын дамыту мен азаматтық белсенділікті көтеру;
  • Халықпен ақшалай есеп айырысуды іске асыру барысында, бақылау-касса машинасын қолдану маңызын әлеуметтік-экономикалық қоғамдық пікірді қалыптастыру;
  • Қызметтер мен жұмыс, тауарларды тұтынушы реттінде азаматтардың өз мүдделерін қорғау туралы құқықтық мәдениетін тәрбиелеу;
  • Бақылау-касса машинасын қолдану туралы Қазақстан Республикасының  заңнама талаптарын қоғам мен салық төлеушілерді ақпараттандыру;
  • Бақылау-касса машинасын қолдану жолдарын Қазақстанның салық төлеушілер арасында, салық сақталуын өтеу барысында бюджетке салықтық төлемдерді түсуін арттыру;
  • Көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту;
  • Кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестіке ынталандыру.

 

Акцияның шарттары:

         Науқан «Wipon» («Google Play Maркет, Appel App Store» қосымшалар арқылы тегін жүктеуге болады) мобильдік қосымша арқылы электрондық форматта іске асырылады. Акцияға қатысушы бақылау-касса машиналарының түбіртектер саны мен қатысушылар санына шектеу жоқ. Сонымен қатар бір түбіртек  бір ұтыс билетіне теңестіріледі.
       Түбіртектің фотосында міндетті түрде анық көрінуі тиіс: ЖКС немесе БНС, күні, уақыт, барлық сомма, фискалдық белгісі. Жұмыстың немесе қызметтердің, тауарды алғандағы  күні мен уақытты 2017 жылдың 1 мамырынан бастап қана түбіркетте көрсетілуі тиіс.  Бағалы сыйлықтарды ай сайын ойнату.

       Бақылау-касса машинасын қолдану, деректерді беру қызметінен БКМ түбіртегін алу, сонымен қатар «Түбіртекті талап етте – сыйлықты ұтып ал» науқаны туралы толық ақпаратты Қостанай қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының мына мекен-жай бойынша білуге болады: Қостанай қаласы, Мауленов көшесі, 21 үй. Сенім телефондары: Қостанай обылысының МКД 8(7142)536580 және Қостанай қаласының МКБ 8(7142)288536.