
Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Банкроттық өндірістің проблемалық сұрақтары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді
2017 жылы 10 мамырда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Рудный қаласы бойынша МКБ қызметкерлерімен Рудный қаласының Прокуратура қызметкерлерімен және Рудный қаласының банкроттық кәсіпорынның басшыларының қатысуымен «Банкроттық өндірістің проблемалық сұрақтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс – шара барысында банкроттық өндірістің проблемалық сұрақтары талқыланды. Рудный қаласы бойынша МКБ басшысы, Рудный қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары, Рудный қаласының прокуратура өкілі және банкроттық басшылар қатысты.
Қатысушылар тарапынан қысқа мерзімде кәсіпорынды жою бойынша бұзушылықтарды жою ұсынылды.
Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлігінде: қатысушылар тарапынан "оңалту және банкроттық" туралы Заңына сәйкес, бірауыздан кредиторлар жиналысын өткізу туралы шешім қабылданды.
Рудный қаласы бойынша МКБ