Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Отан қорғаушылар күнін және Ұлы Отан соғысыныдағы Жеңіс күнінің 70-жылдығын атап өтті
Осы күндері Қазақстан халқы мемлекеттік мереке – Отан қорғаушылар күні, ал әлемдік қауымдастық Ұлы Отан соғысының 70-жылдығын және екінші әлемдік соғыстың аяқталуын атап өтуге дайындық үстінде. Осы сұрапыл соғыста 50 млн. адам, оның ішінде 22 млн. кеңес әскері, 1 млн-ға жуық қазақстандықстар қайтыс болды. Біздің қасиетті парызымыз – бүгінгі күнге жетпеген мерт болған әскерлер туралы естелікті құрметтеу. Олар мәңгілік біздің жанымызда!
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, Қазақстанда міне 23 жыл атап өтілуде. Бұл күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қарулы күштердің құрылуы туралы жарлыққа қол қойды.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айбек Мінаймбекұлы Паяев құттықтау сөз сөйледі, отырғандарды құттықтап, барлық қызметкерлер мен олардың жақындарына зор денсаулық, үлкен жетістіктер, аманшылық және бейбітшілік өмір тіледі.
Сонымен қатар, Департаменттің барлық қызметкерлеріне Астана қаласы бойынша МКД-ң қызметкері – әріптесімізге ауыр операция жасауына және Қарағанды, Ақмола облыстарының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсеткендері үшін алғыс айтты.
Бұл біздің азаматтық ұстанымымыздың, ұжымдық сезімнің және адамдық қайырымдылықтың айрықша көрінісі.
Бұдан кейін ұжымның әйел қауымы өздерінің күшімен мерекелік концерт ұйымдарстырды, сонымен қатар ерекше көрінген қызметкерлер құрмет грамоталарымен марапатталды, алғыс жарияланды.
Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне мереке құрметіне кезекті арнайы атақ беру туралы бұйрыққа қол қойылды.




























