Date of publication: 18.05.2017 10:46
Date of changing: 18.05.2017 10:47

Сандық технологиялар индустриясы, салықтық және кедендік әкімшілік ету жүйесін жетілдіру

 

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы " Қазақстанның үшінші жаңғыртуы жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауында бес негізгі басымдықтарды атап өтті. Бес басымдықтың бірі «Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртуы» болып табылады.

Ол өз кезегінде, ең үздік тәжірибе енгізу мен жаңа технологиялар трансферін және бизнес-процестерімен қамтамасыз етеді. Бүгін бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін, цифрлық технологияларды қолдана отырып жаңа индустрия құру қажет: 3D-принтинг, онлайн - сауда, ұялы банкинг, сандық сервистер - осындай болашақ салаларының тек кейбір үлгілері ғана. Бұл жаңа индустрияны дамытып жатқан көптеген елдер, өз экономикасын нығайтып үлгерген. Ал біздің еліміз бизнес –ортаны жақсарту және кеңейтуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл Қазақстандық азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін қажет. Кәсіпкерлер көп болса, шағын және орта бизнес  те жақсы дамиды,  жаңа жұмыс орындары құрылады және кедейлік деңгейі төмендейді, әсіресе, ауылдық жерлерде. Бизнесті дамытуды ынталандыру үшін Мемлекет тарапынан әртүрлі шаралар қабылданып жатыр. Кәсіпкерлік шығындарын азайту үшін салық-кеден саласында жеңілдететін шаралар қабылданатын болады. Мысалға,  ҚҚС салығын төлеушілерді онлайн режимінде тіркеу жоспарланып отыр, яғни, «бір рет шерту арқылы» ҚҚС бойынша есепке тұру мүмкіндігі пайда болады ( электрондық үкімет порталы арқылы, немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы).  Біз қатаң регламенттелген рәсімдерден бас  тартамыз. Сонымен қатар,  біз сыртқы жүйелермен жедел ақпарат алмасу  үшін,  Үкіметтің электрондық төлем шлюзіне қосылдық. Нәтижесінде Банк,  Қазынашылық және  мемлекеттік кірістер Комитетімен  мәліметтерді  алмасу, 2 күннен 15 минутқа қысқартылды.

«Электрондық шот фактура» жүйесі енгізілді.  Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін қызметтендіру, жалған кәсіпорын қызметін пайдалану арқылы қолданыстағы төлеуден жалтару схемасын нақты минимализациялайды. ЭШФ АЖ жүйесі негізінде тауарларды "Виртуалды қойма" модулімен бақылау және есепке алу енгізілетін болады. Бұл модулде кедендік декларация  электронды шот-фактурамен бірігетін болады. Бұл, тауарларды жеткізудің  барлық тізбегіне бақылау жүргізе алатын болады.

Қорытындылай келе, барлық аталған шаралар Мемлекет басшысыңың «Қазақстан 2050 жылға дейін әлемнің 30 дамыған мемлекеттерінің қатарына кіру туралы» Жолдауын жүзеге асыруда өз үлесін қосуға мүмкіндік беретінін  айтуға болады.