Автокөлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін беретін арнайы халық орталығында жеке тұлғалармен автокөлікті есептен шығару кезіндегі көлік салығын төлеу тәртібі
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 10.12.2008 жылғы № 99-IV Кодексінің 3 т. 369 б. сәйкес, Салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған жағдайда, меншік құқығын беретін тұлға осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы көрсетілген әрекеттер жасалғанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке енгізілуге тиіс.
Өзге жағдайларда жеке тұлғалармен салық төлеу тұрғылықты мекен-жайы бойынша салық мерзімі 31 желтоқсаннан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
2015 жылдың желтоқсанынан бастап Қостанай қ., Карбышева 12/10 көш. бойында автокөлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін беретін арнайы халық орталығы іске қосылған.
Осыған байланысты, көлік құралдары иелерінің автокөлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін беретін арнайы халық орталығына автокөлікті есептен шығару жөнінде жүгінген жағдайда, көлік құралдары бойынша салық берешегі болуы (болмауы) тексеріледі.
Салық төлеушілердің көптеген жүгінулеріне байланысты, Салық Кодексінің 369 б. 5 т. сәйкес, көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңі үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылатынына зейін салдырамыз.
Салық төлеу мерзімін бұзған кезде, әр салық міндетін орындау күнін өткізіп алынған жағдайда, салық төлеу мерзімінің күніне ілесетін күннен бастап, 2,5 есе қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі бойынша өсім есептелетінін қосымша хабарлаймыз.
Облыстық мемлекеттік кірістер басқармаларымен жеке тұлғалардан салық өндіру қарқындатылды.
Осы ретте, жыл басынан бастап көлік құралдарының салығы төленбегені үшін сотқа 6000 іс, 8 борышкер 3 күнге дейін қамалып, 200-ден астам борышкердің мүлкі тәркіленді.
Осы жылдың тек сәуір айынан бастап алда «ыстық мерзім» демалыстары болса да мемлекеттен 10000-нан астам борышкерлер елден шыға алмады.
Осыған байланысты, уақытылы мерзімде және толық көлемде салық міндеттемесін орындауды хабарлаймыз.
Салық берешегі болуы-болмауын ҚР Мемлекеттік кірістер Комитетінің сайты (www.kgd.gov.kz.), «электронды қызмет көрсету» бөлімінде, сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы салық берешегі болуы-болмауы жөнінде мәлімет алуға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы