Date of publication: 31.05.2017 10:14
Date of changing: 31.05.2017 10:16

Салық бақылауы барысында тәуекелдерді басқару жүйесі

        

         Халықаралық практикаға жақындап, салық жүйесін басқару жетілдіру бағдарламасы шеңберінде дамудық жаңа сапалы кезеңіне жетті. Қазір тәуекелдерді басқару жүйесі салық бақылауы барысында  пайдаланады.

      Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында салық органдары әзірлейтін және қолданатын шараларды қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде салық бақылауының нысандарын саралап қолдану жүзеге асырылады.

         Тәуекел - салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін салық міндеттемесін орындамау немесе толық орындамау ықтималдығы.

         Салық органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану мақсаттары:

  1. назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
  2. салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді кеңейту.

         Тәуекелдерді басқару жүйесі салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде:

  • салықтық тексеру жүргізу үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу;
  • қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау үшін;
  • камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың тәуекел деңгейін анықтау
  • қосылған құн салығының асып түскен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiне құқықты айқындау мақсатында пайдаланылады.

      Тәуекелдерді басқару жүйесі салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу үшін жұмыс аса маңызды және басым бағыттары бойынша ресурстарды оңтайлы бөлу негізінде іріктеу принципіне негізделген тиімді салық бақылауды, қамтамасыз етеді.

 

Талдау және тәуекелдер басқармасы