- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 15.05.2015 10:25
Date of changing: 15.05.2015 10:30
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарымен, оның ішінде Қостанай облысында біздің еліміздің экономикасының дамуына және қоғамда әлеуметтік тұрақтылыққа себеп болатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақытылы түсімі тұрақты түрде қамтамасыз етіледі.
Халықты кассалық чектерді беруге қоғамдық бақылауға тарту мақсатында, сонымен қатар салық төлеушілер арасында салық мәдениетін көтеру үшін, «салық төлеу» ұғымына және міндетіне жағымды қатынасты насихаттауға, халық арасында салықтық сауаттылықты дамыту үшін және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитетімен ағымдағы жылдың 1 сәуірімен 30 қараша аралығында «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясы өткізілуде.
«Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясының бірінші кезеңінде аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында бақылау-касса машиналарының чектерін жүлделі купондарға айырбастаған Қостанай облысының 19 аудандары мен қалаларының тұрғындары қатысты.
Барлығы 3470 чек тапсырған 347 қатысты, олардың ішінен аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларымен «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясының сәуір айындағы бірінші кезеңінің Қостанай облысы бойынша 19 жеңімпаздары анықталды, олар:
Реттік нөмір |
Облыстың аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының атауы |
Акцияның бірінші кезеңінің жеңімпазының ТАЖ |
Жеңімпаз билетінің немесе жүлделі купонның нөмірі |
1 |
Алтынсары |
Рашитұлы Ерасыл |
390200091 |
2 |
Меңдіқара |
Тихонова Лариса Николаевна |
39030002 |
3 |
Жітіқара |
Сармурзина Айсулу Сапабековна |
390400003 |
4 |
Қамысты |
Елешова Айнагуль Биржановна |
390500029 |
5 |
Қарасу |
Зайнолла Заманбек Кайратұлы |
390600001 |
6 |
Қарабалық |
Иванисенко Ирина Яковлевна |
390700002 |
7 |
Қостанай ауданы |
Шукурова Менжамал Идрисовна |
390800124 |
8 |
Ұзынкөл |
Бесимова Гульжан Райхановна |
391300002 |
9 |
Наурзым |
Иманкулова Арайлым Утегенкызы |
391000001 |
10 |
Денисов |
Дюсенбаев Даулет Кайратович |
391100002 |
11 |
Әулиекөл |
Доспаева Бибиганша Сандибековна |
391200003 |
12 |
Таран |
Кондрашкина Галина Ивановна |
391300001 |
13 |
Сарыкөл |
Баймагамбетова Томирис Ренатовна |
391400008 |
14 |
Федоров |
Тонтақаев Нұрсұлтан Сабитбекұлы |
3915000040 |
15 |
Жангелді |
Нұрлан Алмас Нұрланұлы |
392300007 |
16 |
Қостанай қаласы |
Мулдабекова Жанар Сериковна |
391700019 |
17 |
Лисаков қаласы |
Джуманиязова Улболсын Курмангазиевна |
391800068 |
18 |
Рудный қаласы |
Грачев Артем Сергеевич |
391900167 |
19 |
Арқалық қаласы |
Қалжанова Роза Сапарғалиқызы |
392500010 |
2015 жылдың сәуір айында өткізілген «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясына белсенді қатысқаны үшін, акцияның бірінші кезеңінің жеңімпаздары Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы А.М. Паяевтың алғыс хатымен марапатталды.
2015 жылғы 8 мамырда Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде (ары қарай - Департамент) «Жүлделі чек - ұтуға талап ет!» жалпыреспубликалық акциясының 2015 жылдың сәуір айы үшін екінші кезеңі болып өтті. 28.03.2015 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитетінің Төрағасмен бекітілген «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» акциясын өткізу туралы» Ережесіне сәйкес Қостанай облысының жалпыреспубликалық жарысты өткізу комиссиясының мүшелерімен кездесу болып өтті.
Екінші кезеңнің ұтысты өткізу комиссиясының құрамына Департаменттің (Уржанов М.Ж., Ескендиров М.М, және Рабченюк О.В.), «Нұр-Отан» Партиясы» ҚБ-нің Қостанай облыстық филиалының (Сапарова А.С.) және Қостанай облысы бойынша кәсіпкерлер Палатасының (Юсупов Р.Р.) өкілдері кірді.
Ұтысты өткізу комиссиясымен, «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» акциясының бірінші кезеңінің 19 жеңімпазы арасында келесідей бағалы сыйлықтар ойнатылды:
- смартфон, Бірінші жүлде;
- мультиварка, Екінші жүлде.
Үшінші жүлде – Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде 09.12.2015 жылы ойнатылатын ең басты бағалы сыйлықты ойнатуға қатысуға үміткер.
Екінші кезеңнің жеңімпаздары және бағалы сыйлықтардың иегерлері келесідей:
- смартфон (Бірінші жүлде) – Қарабалық ауданының тұрғыны Иванисенко Ирина Яковлевна:
- мультиварка (Екінші жүлде) – Лисаковск қаласының тұрғыны Джуманиязова Улбосын Курмангазиевна:
- Астана қаласындағы ұтысқа қатысу (Үшінші жүлде) – Федоров ауданының тұрғыны Тонтақаев Нұрсұлтан Сабитбекұлы.
Қостанай облысының тұрғындары және қонақтары «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясына қатысыңыздар!
Берімеген чек - бұл бюджеттің табысты жағын айналып өтетін ескерілмеген табыстар және біздің еліміздің әр азаматының әл-ауқатына нұқсан келтіретін көлеңкелі экономиканың айналымы болып табылады. Қазіргі уақытта чекті беруді талап ету жалпылама мойындалған әлемдік тәжірибе болып табылады, сонымен қатар халықтық қаржылық және құқықтық сауаттылығының индикаторы болып саналады.
Осыған байланысты, аталған акцияны өткізу, біздің әрбіріміздің қайда болсада тауар немесе қызмет алғанда чекті талап ете отырып өзімізге және мемлекетке пайда әкелуде чектің маңызын түсінуімізге бағытталған.
Назарларыңызға саламыз, «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясы 2015 жылдың 1 сәуірінде басталды және ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады, бағалы сыйлықтарды ойнату әр ай сайын жүргізіп тұрады. Бақылау-кассасы машиналарының чегін ұтыс купондарына айырбастау (тиісінше 10-ға 1) аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында жүргізіледі.