Date of publication: 18.05.2015 14:45
Date of changing: 18.05.2015 14:46

Алтынсарин  ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ҚР ҚМ МКК басымды міндеттерінің  54-ші  тармағын орындау мақсатында (әрі қарай-Комитет) 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында, ҚР ҚМ МКК  Төрағасының  26.01№2015 жылы бұйрығымен бекітілген, 2015 жылдың 1-ші сәуірінен бастап 30-шы сәуіріне дейін аралығында Қазақстан Республикасының аумағында жалпы республикалық «Чекті талап ет – сыйлық ұтып ал» акциясы өткізілетіні жөнінде хабарлайды (әрі қарай-акция).

         Акцияға қатысушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары, акцияны ұйымдастырушыларға акцияны өткізу кезеңінде тауар, жұмыс және қызметтер бойынша алған түбіртектерін  ұсынады.Акцияны ұйымдастырушылар-Комитет, жәнеде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары. 

Жалпы республикалық акция үш кезең бойынша өтеді:

- бірінші кезең аудан деңгейінде, қала ішіндегі аудандарды қоса алғанда,

- екінші кезең облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалаларда;

- үшінші кезең республикалық деңгейде.

         2015 жылдың сәуір айындағы акцияның бірінші кезеңінің өткізілген нәтижесі бойынша Алтынсарин ауданы бйынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 3 жеңімпаздар анықталды.

 

        

1 орын – Рашитұлы Ерасыл.

2 орын – Абдрашова Наталья Александровна.

3 орын – Рамазанов Ерназар Рамазанұлы.

2015 жылдың 13 мамырында басқарманың ғимаратында айлық акцияның жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етілді.1-ші орынға телефон табыс етілді, 2-ші және 3-ші орындарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.