Date of publication: 03.07.2017 10:30
Date of changing: 03.07.2017 10:31

Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының
тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидалары

Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 234-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымдарда кедендік сараптаманы жүргізу мақсатында кедендік тексеру мен кедендік декларациялау жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алудың тәртібін айқындайды.

2004 жылғы 9 қарашадағы «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабына сәйкес тауарлардың сынамалары мен үлгiлердi стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары негізінде оларды зерттеу және талаптарының сақталу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде іріктеледі.

 Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары декларанттың не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамның, немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізеді. Декларанттар не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдар, немесе олардың өкілдері тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кезінде қатысады және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына жәрдем көрсетеді, оның ішінде өз есебінен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу үшін қажетті жүк операцияларын жүзеге асырады.

Декларант не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдар, немесе олардың өкілдері тауарлар ұсынылғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң келмеген жағдайда, сондай-ақ кейінге қалдырылмайтын мән-жайлар кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары Кеден кодексінің 205-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы актіні жасай отырып екі куәгердің қатысуымен іріктеп алады.         
Декларант немесе сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізуден немесе оған қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда, кеден органының лауазымды адамы екі куәгердің қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды дербес жүргізеді.

Арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалану және техникалық құралдарды қолдану қажеттілігі кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кедендік сарапшының (сарапшының) қатысуымен жүргізіледі.       Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымға қолдаухаты кедендік сарапшының (сарапшының) тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға қатысуы үшін негіз болып табылады.

Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн іріктеу алдында тауардың атауын және таңбалануын, жүктің қауіптілік белгісінің барын тексеру қажет.Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiне іріктеу стандарттау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес қауіпсіздік техникасын сақтаумен жүзеге асырылады. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi олардың зерттеу мүмкiндiгiн осы Қағидаларға қосымшада көзделген тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн іріктеп алу нормаларына сәйкес қамтамасыз ететiн ең аз мөлшерде іріктеледі. Егер тауарлардың сынамалары мен үлгілерін бағалау кезде келіспеушіліктер болған жағдайда мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды тұлғасы оларды тең бөліктерге бөліп, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың санын және сақтау жағдайын айқындайды.     

Тауар сынамасының бір бөлігін және бір үлгісін мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы кедендік сараптамаға жолдайды, ал тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің басқа бөліктері мөр басылған түрде тауардың осы түрі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамамен айқындалған сақтау мерзімі аяқталғанға дейін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін сақтау шартын сақтай отырып, тауардың сынамасы мен үлгісін іріктеп алған мемлекеттік кірістер органында сақталады.

2010 жылғы 20 мамырда Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген «Кеден құжаттарының нысандары туралы» № 260, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу актісі нысан бойынша жасалады.   Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу актісі үш данада жасалады:

бірінші данасы мемлекеттік кірістер органында қалады;
екінші данасы тауарлардың іріктелген сынамалары және үлгілері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасына және кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымға жолданады;

үшінші данасы декларантқа, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге адамға немесе олар белгіленген болса, олардың өкілдеріне табыс етуге (жіберуге) жатады.

Кедендік сараптамаға жолданатын тауарлардың сынамалары мен үлгілері тауарлардың қасиеттеріне сәйкес оралады және мөрленеді.

Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін тауарлардың сынамалары мен үлгілері:
тауарлардың сынамалары мен үлгілері зерттеу процесінде жұмсалған не зерттеу және (немесе) сынақ нәтижесінде жойылған;

тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауар құрамының кедендік сараптаманы жүргізу барысында алынған тауардың құрамына сәйкессіздігі анықталған, оның нәтижесінде мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгілері мерзімі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамамен айқындалған сақтауға қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасына қайтарылады. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тауарлардың сынамалары мен үлгілері жойылады немесе кәдеге жаратылады.

Тауарлардың  үлгілері және сынамаларын іріктеуге қатысты барлық мәселелер бойынша толық ақпарат алу үшін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне: Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 183, байланыс нөмірлері: 53-74-33; 53-63-48 хабарласуға болады.  

 

Тарифтік реттеу және

пост-кедендік бақылау басқармасы