Date of publication: 21.05.2015 16:49
Date of changing: 21.05.2015 16:54

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінде бос орындардың жәрмеңкесі өтті, оған біздің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіде қатысты.

Форумға қатысушылар Қостанай облыстық Әкімшілігінің жұмыспен қамту басқармасының мәліметтерімен, Қостанай мемлекеттік университетінің жетістіктер көрмесімен, Қостанай облысының әкімшілік алеуметтік бағдарламалары мен жұмыспен қамту үйлестік басқармасының тұсаукесерімен танысты.

Жәрмеңкеге Қостанай облысы Әкімінің орынбасары М.А. Дарибаев қатысты, ол жәрмеңкенің нәтижесіне қызығушылық танытып, қатысқан мекемелер мен ұйымдарға осы іш шараға қатысқандары үшін ризалығын білдірді.

Университет түлектеріне Департаменттің кадр қызметкерлері конкурс негізінде Департаменке қызметке тұру ережелерін түсіндірді, сонымен қатар Адам ресурстары басқармасы персоналмен жұмыс бөлімінің басшысы Б.И. Абенов экономикалық факультеттің түлектерінің алдына кысқаша мемлкеттік кірістер Департаментінің қызметі туралы айтып шықты.

Нәтижесінде 15 түйін және 30-дан астам түлектерге жұмысқа тұру бойынша  кеңес берілді.