Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаментінің Жітіқара ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы қызметін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлерге арнап 21 мамыр 2015 жылы Біріңғай кеңесшілік күнін өткізген
Мемлекеттік Кірістер Комитетінің тапсырысы бойынша 2015 жылдың 26 ақпанынан бастап жеке кәсіпкерлерге арналған әр бейсенбі күні Біріңғай кеңес күні ұйымдастырылады.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаментінің Жітіқара ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы ғимаратының мәжіліс залында 2015 жылдың 21 мамыр күні Жітіқара ауданы мен Жітіқара қаласы бойынша шағын және орта бизнеспен айналысуға ықылас білдірген жеке тұлғалармен, жеке кәсіпкерлермен және заңды тұлғалардың өкілдерімен кезекті біріңғай кеңесшілік күні өткізілді.
Салық төлеушілердің қойылатын негізгі сұрақтары мыналар:
· жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тұру, сонымен бірге электронды түрде;
· арнайы салық тәртіптерін қолдану;
· ҚЖ бар бақылау - кассалық машиналарын қолдану;
· POS-терминалдарды қолдану;
· Салық есептемелерінің нысандарын ұсыну, салық есептемелерінің нысандарын электронды түрде ұсынудың артықшылығы;
· Салық тексерістерін өткізу;
· Мәжбүрлеп өндіріп алудың әдістері мен шараларын қолдану;
· Әкімшілік жауапкершілікке тарту;
· Бөлек қызмет түрлерін лицензиялау;
· мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасау;
· Жемқорлықпен күрес;
· Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтату;
· Заңдастыру;
· Электронды шот-фактураларды енгізу;
· БСК-ң қысқартылған тізімін қолдану;
· Қызмет түрлерінің сынаптамасы, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындау бойынша сауаттылығын арту және салық заңнамасын ықтимал бұзушылықтарын алдын-алу;
Өткізілген іс-шараның аясында 15 жеке тұлға, 6 жеке кәсіпкер, 4 шаруа қожалығы мен 2 заңды тұлғалардың өкілдері сол күні кеңес сұрады.

Ұйымдастырылған біріңғай кеңесшілік күн барысында салық төлеушілерден келіп түскен сұрақтарына толық және қамтыған жауаптар берілді.
Өткізілген біріңғай кеңесшілік күнінен кейін 2015 жылдың 21 мамырында
7 жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тұру үшін өтініш берді.
Кеңес алғаннан кейін жеке тұлғалардан, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өкілдерінен Жітіқара ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы атына жағымды пікірлер келіп түсті.




























