Date of publication: 02.06.2015 09:48
Date of changing: 02.06.2015 17:41

2015 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде балаларды қорғау күніне арналған 4-16 жас аралығындағы балалар, оның ішінде Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің балалары қатысқан республикалық балалар суреті байқауы қорытындыланды.

Жеңімпаздарды білікті қазылар алқасының құрамы анықтады:

- Баярлин Азат Хамбетұлы, Астана қаласы суретшілер одағы басқармасы төрағасының орынбасары;

- Марина Зима, Астана қаласындағы «АбрисАрт» көркем мектебінің директоры;

- Сурков Сергей, Халықаралық өнер көрмесінің лауреаты, Еуразия одағы дизайнерлерінің мүшесі;

- Алтаева Ботагөз, Астана қаласындағы көркем мектебінің оқытушысы;

- Ақайдаров Даулетхан, Қазақстан телеарнасының тілшісі;

- Аймақова Альфия, «Казахстанская правда» газетінің тілшісі, сондай-ақ Ардагерлер қауымдастығы және Комитет басшыларының өкілдері.

Байқаудың қорытындысы бойынша үш жас санаттары бойынша тоғыз жеңімпаз таңдалды, оның ішінде 3 жүлделі орынды біздің қостанайлықтар алды:

Лисаков қаласынан 5 жасар Маргарита Владимировна Орехова 9 жасқа дейінгі аралықтағы санатта 2-орынға ие болды;

9-12 жас аралығындағы санатта бірден 2 жеңімпаз анықталды, оның ішінде 1-орынға 15 жастағы Екатерина Турло, ал 2-орынға  Индира Есмаганбетова ие болды (Қостанай қаласы).

Байқаудың жеңімпаздарына естелік дипломдар табысталады, олардың жұмыстары «Мемлекеттік кірістер органдарының жаршысы» ведомстволық журналында жарияланатын болады. Бұдан басқа барлық қатысушылардың жұмыстары Комитет холындағы көрмеде және kgd.gov.kz ресми порталында орналастырылды.

Осы сайысқа қатысу үшін Қостанай облысы бойынша Мемелекеттік кірістер департаментіне әкелінген басқа суреттер, бүгін 1-мамыр күні қаланың Сити орталығында құрылған көрмеге шығарылды, онда оларды қала тұрғындарымен біздің қаланың қонақтары көріп, баға бере алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Еске салсақ, бұл сайыстың мақсаты бюджетке төленетін баж салығы мен алым, белгіленген міндетті төлемдер түсүніктерін болашақ түлектің санасына жеткізу, насихаттау болып табылады, балалар арасында салық және кеден сауаттылығын дамыту,  балалардың  «мемлекет», «салық жинайтын орган», «кеден», «бюджет», «салық», «кеден төлемдері» және оларды бөлу түсінігін дамыту.          

  Сонымен қатар бүгін 1 мамырда Департаменттің кәсіподағы ата-аналардың ықыласы бойынша қызметкерлердің балаларына сыйлық ретінде "Лисенок - плут" куклалық театрге билеттер берілді, онда балаларды спектакль, ойын және аквомакияжбен қуантты.