Алтынсарин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында ағымдағы жылдың 29 мамыр күні келесі тақырыпқа дөнгелек үстел жүргізілді:
1. Фискалдық құрылымдық және (немесе) деректерді жіберу бойынша бақылау-касса машинасын есепке қою.
2. Қазақстан Республикасының шегінен мүлікті жария ету;
Шақырылғандар-«Қазақтелеком» АК-ның өкілдері, ҰКП,БАҚ, заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер.
Бірінші сұрақ бойынша Алтынсарин ауданы бойынша МКБ-ның салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Иманбаев Д.Т. сөз сөйледі, қай уақыттан бастап КБМ қолданысқа енеді, жәнеде www.oofd.kz сайтында көтерме-бөлшек сатудағы ЖЖМ және арақ-шарап өнімдерін қазыналық деректер бойынша веб-ресурсында қалай тіркеу туралы түсініктеме берді.
- «Қазақтелеком» АК-ның өкілі қазыналық деректер операторы сайтын КБМ-на қосу жөнінде тұсау кесерін көрсетті.
Екінші сұрақ бойынша Алтынсарин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілерімен жұмыс бөлімінің бас маманы Ш.Жолдыбаева таныстырып шықты жарияның негізгі принциптері, арыз беру ережелері, жарияға жатаның объектілері, жарияны өткізітін мерзімі.
Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.