Date of publication: 09.06.2015 17:09
Date of changing: 09.06.2015 17:16

               «Борышкер» акциясы шеңберінде көлікке  салық бойынша борышкерлерді анықтау бойынша фискальды органдары полициялықтармен сот орындаушылармен бірлесіп кезекті рейд өткізді.  Нәтижесінде анықталғаны жүргізушілердің көбі салық кодексін сақтамайды және салықты адал ниетті төлемейді.

         Рейдті Қарасу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Қарасу ІІБ және сот орындаушылармен бірлесіп өткізді. 

Бір күн ішінде олар жүргізушілерді тоқтатып олардың техникалық төлқұжатын көлік салығы бойынша берешегі бар болуына тексеріс жасады. Осы уақыт ішінде борышкерлер анықталды, олар өз кезегінде көлік құралына арестке қою туралы және республика шегіне шығуды шектеу туралы мәселе көтерілгенде берешекті өтеді.

       Рейдтің басты мақсаты – берешекті өтеу, сонымен бірге машиналар жүргізушілерін заңға құлықты болуын үйрету деп басқарманың бас маманы Алмат Шакаров есептейді.

    Салықты дер кезінде төлемеудің қауіпті әсерлері бар, рейд берешегі бар төлемеушілердің санын қысқарту үшін шұғыл шаралардың бірі. Жыл басынан бастап салық міндеттерін орындап берешегін өтегендер саны 649 борышкер 5214,5 мың теңге сомасына.

        Осыған байланысты Қарасу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы көлік иелеріне айыппұлды есептеуді және шұғыл мінездегі сәйкес шараларды қабылдауды  болдырмау үшін көлік құр

алдарына салық бойынша берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабардар етеді.