Date of publication: 10.06.2015 14:47
Date of changing: 11.06.2015 15:21

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - Департамент)  «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 62-бабына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың (бұдан әрі - КБС) төленуін бас қамтамасыз ету ұсынылатын күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бір миллион евроға баламалы сомаға кемінде бір жыл мерзімге осы Кодекстің 16-тарауында көзделген тәртіппен осындай қамтамасыз етудің бар болуы уәкілетті экономикалық оператор (бұдан әрі – УЭО) мәртебесін алу шарттарының бірі болып табылады.

Бүгінгі күнде УЭО өз қызметін дәлелдеу мақсатында, заңды тұлғалар КБменС төленуін қамтамасыз ету ретінде банктік кепілдік береді.

Берілген банктік кепілдіктер мен банк кепілдігінің шарттарын талдауда көрсетілген құжаттардың мазмұнында Қазақстан Республикасы кеден заңнамасымен көзделген міндетті талаптар жоқ екендігі анықталды.

Осыған байланысты, банктік кепілдіктің біріңғай нысанын қалыптастыру мәселесін пысықтау мақсатында банк филиалдарының өкілдерінің, СЭҚ қатысушылардың қатысуымен Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 183-үй,  2-қабат мекенжайы бойынша орналасқан Департаменттің конференц-залында 11.06.2015 жылы 15.00-де талқыланатын «дөңгелек үстел» отырысы өтетінін хабарлаймыз.