Date of publication: 11.06.2015 18:05
Date of changing: 11.06.2015 18:09

Алтынсарин  ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ҚР ҚМ МКК басымды міндеттерінің  54-ші  тармағын орындау мақсатында (әрі қарай-Комитет) 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында, ҚР ҚМ МКК  Төрағасының  26.01.2015 жылы бұйрығымен бекітілген, 2015 жылдың 1-ші сәуірінен бастап 30-шы сәуіріне дейін аралығында Қазақстан Республикасының аумағында жалпы республикалық «Чекті талап ет – сыйлық ұтып ал» акциясы өткізілетіні жөнінде хабарлайды (әрі қарай-акция).

         Акцияға қатысушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары, акцияны ұйымдастырушыларға акцияны өткізу кезеңінде тауар, жұмыс және қызметтер бойынша алған түбіртектерін  ұсынады.Акцияны ұйымдастырушылар-Комитет, жәнеде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары. 

Жалпы республикалық акция үш кезең бойынша өтеді:

- бірінші кезең аудан деңгейінде, қала ішіндегі аудандарды қоса алғанда,

- екінші кезең облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалаларда;

- үшінші кезең республикалық деңгейде.

         2015 жылдың мамыр айындағы акцияның екінші кезеңінің өткізілген нәтижесі бойынша Алтынсарин ауданы бйынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 3 жеңімпаздар анықталды. 

    

1 орын – Осипов Алишер Советұлы.

2 орын – Гофман Надежда Валерьевна.

3 орын – Кунашаков Жанат  Асхатұлы.

2015 жылдың 11 маусымда басқарманың ғимаратында айлық акцияның жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етілді.1-ші орынға телефон табыс етілді, 2-ші орынға-  ақшалай сыйлық және 3-ші орынғаҚостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер депараментінің алғыс хаты табыс етілді.