Date of publication: 15.06.2015 11:36
Date of changing: 15.06.2015 11:37

     «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі Кодекс) 1 - тармағына 151 – бабына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы, осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді есепке алмай, тауарларды ішкі тұтыну немесе экспорт үшін шығару кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларына негізделе отырып айқындалады.

      2. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы, оның ішінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету сомасы:

    1)мынадай:
     кедендік транзит рәсімі бойынша тасымалданатын;

     кедендік қоймаға іс жүзінде орналастырмай кедендік қойма кедендік рәсімімен мәлімделетін;
     кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын акцизделетін тауарлардың;
    Кодекстің 112-бабына сәйкес тауарларды шығару жүзеге асырылатын кедендік құнды айқындау кезінде;

мерзімдік кедендік декларациялау кезінде;

  Кодекстің 265-бабына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын алушының қоймасына орналастырылатын;

   шығаруы  Кодекстің 96 және 298-баптарына сәйкес жүргізілетін;

   кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері өзгертілген;

  Кодекстің 84-бабына сәйкес жинақталмаған түрінде жеткізілетін тауарларға қатысты;
    кеден аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарына қатысты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен;

      2) кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты экспорттың кедендік рәсіміне мәлімделген кездегідей төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан төмен болмауға тиіс.

      3. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырған кезде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ететін сома тарифтік преференциялар мен кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді есепке алмай, ішкі тұтыну үшін тауарлар шығару немесе экспорт кедендік рәсімдерімен орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларына негізделе отырып айқындалады, бірақ тауар кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік жеңілдіктер мен преференцияларды есепке алмай, ішкі тұтыну үшін тауарларды шығарудың немесе экспорттың кедендік ресімдерімен Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумақтарында орналастырылған сияқты Кеден одағына мүше осы мемлекеттердің аумақтарында төленуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың сомаларынан кем болмауға тиіс. Бұл ретте, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын айқындау үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы қолданылады.

      4. Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын анықтау кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуге тиіс сомаларын кеден органына тауарлардың сипаты, олардың атауы, саны, шығарылған елі және кедендік құны туралы дәл мәліметтерді ұсынбау себепті дәл айқындау мүмкін болмаса, қамтамасыз ету сомасы кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, қолда бар мәліметтер негізінде айқындалуы мүмкін кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелерінің неғұрлым үлкен шамасы, тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай түрдегі физикалық сипаттамалары (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) негізінде айқындалады.

      5. Тауарлар  Кодекстің 299 және 300-баптарына сәйкес шығарылған кезде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы мәліметтерді тексеру нәтижесінде қосымша есепке жазылуы мүмкін кедендік баждардың, салықтардың сомасы ретінде айқындалады және осы баптың 1, 3 және 4-тармақтарында белгіленген талаптар ескеріле отырып, төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың мөлшеріне әсер етеді.

      6. Тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты осы баптың 1, 3 және 4-тармақтарында белгіленген талаптар ескеріле отырып, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің тіркелген сомалары белгіленуі мүмкін.

      7. Тауарларды  Кодекстің 112-бабына сәйкес шығарған кезде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы, осы баптың 4-тармағының ережелері ескеріле отырып, қосымша тексеру нәтижесінде қосымша есепке жазылуы мүмкін кедендік баждардың, салықтардың сомасы ретінде айқындалады.