Date of publication: 16.06.2015 16:29
Date of changing: 16.06.2015 16:32

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2008 жылғы 10 желтоқсандағы  № 99-IV «Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес меншік құқығында көлік құралдары бар жеке тұлғалар, тіркемесін қоспағанда, мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) Қазақстан Республикасында тіркеуде тұрған, өз беттерімен салық кезеңіне көлік құралдарына салық соммасын салық төлеу затына сүйене отырып, әр көлік құралдары бойынша салық ақы төлейтінін ескертеді.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқаудан, тіркеуден немесе қайта тіркеуден өткен жағдайда айтылған іс шараларға дейін бюджетке салық төлем төлеуі қажет, басқа жағдайларда салық төлемі салық мерзімінің 31 желтоқсанынан кешікпей төленеді.

Көлік құралдарына салық төлеу үшін бекітілген мерзімнің өту ретіне қарай облыстық салық органдары толық салық төлеуді қамтамасыз ету бойынша шара қолданады.   Сөйтіп, Қостанай облысының Мемлекеттік кірістер басқармалары жеке тұлғалардан салық қарыздарын өңдеп алу бойынша жұмыс өткізу шеңберінде Қостанай облысы бойынша Ішкі істер департаментінің әкімшілік полициясы бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлесіп үнемі салық төлеу бойынша салық міндетін орындамаған, толық емес көлемде орындамаған салық төлеушілерді әшкерелеу бойынша тексеру іс шараларын өткізуде.

 

 

Жыл басынан 153 бірлесіп іс шара өткізілді, қортындысы бойынша бюджет алдында қарыз 649 тұлға салық төлемдерін толық көлемде төледі.

Уәкілетті органдары және облыс прокуратурасы бірлесіп салық қырызы бар және салық қарыздарын ықтиярсыз өндіріп алу бойынша сот органдарының шешімін орындамайтын салықтөлеушілердің аумағын айнала жүру үшін жұмыс тобы құрды.

Сонымен бірге, жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, қорғаушы, кәсіби медиатор болып табылмайтын  жеке тұлғалармен салық қарыз соммасын төлемеу немесе толық көлемде төлемеу кезінде салық органдары сот бұйрығын шығару туралы немесе салықтөлеушінің мүлік есебінен салық қарыз соммасын өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінетінін еске саламыз.

Салық қарыздары бар салықтөлеушілердің Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою бөлігінде салық органдарының жұмысы белсендірілген.

2015 жылғы мамыр ішінде 612 салықтөлеушіге қатысты елден шығуына уәкілетті салық органымен өтініш бойынша тыйым салынған.

Облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті алты айдан артық заңды күшіне енген сот шешімін немесе басқа да соттық актіні немесе атқарушы құжатты орындамаған тұлғалардың тізімі мемлкеттік өкілетті органға еркіндігіне шек қою немесе үш жылға дейін бас бостандықтан айыру түрінде жауапқа тарту үшін, сондай-ақ облыстың бұқаралық ақпараттар құралына жариялау үшін борышкерлердің  тізімі беріледі.

 

Бұндай фактілерді болдырмау мақсатында, салық органдарының салық қарыздар соммасы бар туралы телефон қоңырауы, ескертпе хат бойынша салық қарызын төлеу, келіспеген жағдайда салық органымен салыстыру жүргізу қажет. Салық органдарының телефон нөмірлері туралы ақпарат Қостанай облысы бойынша Мемелекеттік кірістер департаментінің Web-сайтында орналасқан.  Салық төлеушілер салық сомасын есептеуді web сайт http://www.kgd.gov.kz, «Электронные сервисы», «Калькулятор» қолдану арқылы, көлік салығын есептеуді тиісті бағандарды толтыру жолымен жүргізе алады.