Қостанай облысындағы «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясының 2015 жылдың маусым айындағы өткізілген бірінші және екінші кезеңдерінің нәтижесі
Халықты кассалық чектерді беруге қоғамдық бақылауға тарту мақсатында, сонымен қатар салық төлеушілер арасында салық мәдениетін көтеру үшін, «салық төлеу» ұғымына және міндетіне жағымды қатынасты насихаттауға, халық арасында салықтық сауаттылықты дамыту үшін және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитетімен ағымдағы жылдың 1 сәуірімен 30 қараша аралығында «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясы өткізілуде.
«Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясының бірінші кезеңінде аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында бақылау-касса машиналарының чектерін жүлделі купондарға айырбастаған Қостанай облысының 20 аудандары мен қалаларының тұрғындары қатысты.
Барлығы 28664 чек тапсырған 733 қатысты, олардың ішінен аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларымен «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясының маусым айындағы бірінші кезеңінің Қостанай облысы бойынша 20 жеңімпаздары анықталды, олар:
Реттік нөмір |
Облыстың аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының атауы |
Акцияның бірінші кезеңінің жеңімпазының ТАЖ |
Жеңімпаз билетінің немесе жүлделі купонның нөмірі |
1 |
Амангельды |
Ержан Бекжан Сүлейменұлы |
392000002 |
2 |
Әулиекөл |
Доспаева Бибиганша Сандибекқызы |
391200028 |
3 |
Алтынсары |
Кунашаков Жанат Асхатұлы |
390200457 |
4 |
Денисов |
Баймурзина Индира Ерланқызы |
391100017 |
5 |
Жангелді |
Шүлен Айнұр Қазымқызы |
392300009 |
6 |
Жітіқара |
Рахметова Райхан Конысбайқызы |
390400008 |
7 |
Қарабалық |
Велин Владимир Владимирович |
390700022 |
8 |
Қамысты |
Куанышбаева Сапура Марданқызы |
390500125 |
9 |
Қарасу |
Беккулинова Ажар Рымжанқызы |
390600007 |
10 |
Қостанай ауданы |
Иманбай Азамат Алтынбайұлы |
390800195 |
11 |
Меңдіқара |
Тихонов Максим Витальевич |
390300006 |
12 |
Наурзым |
Кубегенова Гульназ Жумабайқызы |
391000005 |
13 |
Сарыкөл |
Оразбаев Темирлан Темырбулатоұлы |
391400020 |
14 |
Таран |
Гайдрик Алексей Андреевич |
391300045 |
15 |
Ұзынкөл |
Омарканова Лаззат Нуржакипқызы |
390900026 |
16 |
Федоров |
Клименко Виктор Викторович |
391500021 |
17 |
Лисаков қаласы |
Апаркина Александра Артёмовна |
391801606 |
18 |
Арқалық қаласы |
Бауыржанұлы Мұхағали |
392500079 |
19 |
Рудный қаласы |
Галиулин Владимир Анатольевич |
3919000632 |
20 |
Қостанай қаласы |
Вахитов Ернар Бакытжанұлы |
391700096 |
2015 жылдың маусым айында өткізілген «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясына белсенді қатысқаны үшін, акцияның бірінші кезеңінің жеңімпаздары Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы А.М. Паяевтың алғыс хатымен марапатталды.
2015 жылғы 9 маусымда Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде (ары қарай - Департамент) «Жүлделі чек - ұтуға талап ет!» жалпыреспубликалық акциясының 2015 жылдың маусым айы үшін екінші кезеңі болып өтті. 28.03.2015 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитетінің Төрағасмен бекітілген «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» акциясын өткізу туралы» Ережесіне сәйкес Қостанай облысының жалпыреспубликалық жарысты өткізу комиссиясының мүшелерімен кездесу болып өтті.
Екінші кезеңнің ұтысты өткізу комиссиясының құрамына Департаменттің (Уржанов М.Ж., Ескендиров М.М, және Рабченюк О.В.), «Нұр-Отан» Партиясы» ҚБ-нің Қостанай облыстық филиалының (Соболев В.Н.) және Қостанай облысы бойынша кәсіпкерлер Палатасының (Юсупов Р.Р.) өкілдері кірді.
Ұтыс ойынға Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы іскер әйелдер кеңесінің өкілі Ж.К. Тоғжанова шақырылды.
Ұтысты өткізу комиссиясымен, «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» акциясының бірінші кезеңінің 20 жеңімпазы арасында келесідей бағалы сыйлықтар ойнатылды:
- смартфон, Бірінші жүлде;
- мультиварка, Екінші жүлде.
Үшінші жүлде – Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде 09.12.2015 жылы ойнатылатын ең басты бағалы сыйлықты ойнатуға қатысуға үміткер.
Екінші кезеңнің жеңімпаздары және бағалы сыйлықтардың иегерлері келесідей:
- смартфон (Бірінші жүлде) – Қамысты ауданының тұрғыны Куанышбаева Сапура Марданқызы
- мультиварка (Екінші жүлде) – Сарыкөл ауданының тұрғыны Оразбаев Темирлан Темырбулатұлы;
- Астана қаласындағы ұтысқа қатысу (Үшінші жүлде) – Федоров ауданының тұрғыны Клименко Виктор Викторович.
Қостанай облысының тұрғындары және қонақтары «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясына қатысыңыздар!
Аталған акцияны өткізу, біздің әрбіріміздің қайда болсада тауар немесе қызмет алғанда чекті талап ете отырып өзімізге және мемлекетке пайда әкелуде чектің маңызын түсінуімізге бағытталған.
Назарларыңызға саламыз, «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясы 2015 жылдың 1 сәуірінде басталды және ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады, бағалы сыйлықтарды ойнату әр ай сайын жүргізіп тұрады. Бақылау-кассасы машиналарының чегін ұтыс купондарына айырбастау (тиісінше 10-ға 1) аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында жүргізіледі.