Date of publication: 18.06.2015 10:39
Date of changing: 18.06.2015 10:40

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - Департамент)  конференц-залында 11.06.2015 жылы 15.00-де Қостанай қаласында орналасқан екінші деңгейдегі банк филиалдарының өкілдерінің қатысуымен «Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде ұсынылған банк кепілдіктің біріңғай нысанын қалыптастыру мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Аталмыш «дөңгелек үстелде» кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету түрі ретінде банк кепілдігін қолдану бойынша мәселелер талқыланды. Департаменттің лауазымды  тұлғаларына банк кепілдігін қолдану бойынша түсініктер берді, сондай-ақ шолу және ұсыныстарды енгізу үшін Департамент әзірленген банк кепілдіктің жобасы ұсынылды.

Банк филиалдардың өкілдері бір миллион евроға баламалы қамтамасыз ету сомасына кепілдіктерді бас офис беретінін және «дөңгелек үстелде» алған ақпарат оларға жететінін, сондай-ақ Департамент ұсынылған банк кепілдіктің нысанын жолдайтын хабарлады. Қарау нәтижесі бойынша ескертулер және ұсыныстар болса Департаменттің электрондық мекенжайына жолдауға болады.