Date of publication: 22.06.2015 15:46
Date of changing: 22.06.2015 16:02

2015 жылдың 17 маусымында Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде «Салық берешектерін және жеке тұлғалардан берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алу» тақырыбы бойынша брифинг өткізілді.

 

 

17.06.2015 жылы Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде облыстық БАҚ журналистерімен  «Салық берешектерін және жеке тұлғалардан берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алу» тақырыбы бойынша брифинг өткізілді.

«Салық берешектерін өндіріп алу мақсатында, дәстурлі әдістер және шаралардан басқа, сот органдары арқылы салық берешектері бар салықтөлеушілердің (ЖК) Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына уақытша шек қою тәжірибесі қолға алынуда»,- деп борыштармен жұмыс басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің басшысы  Бекмухамедова З.С. хабарлады. 

         Брифинг барысында, еңбек демалысы кезеңінде берешектерді төлеу сұрағы өте өзекті болатынын мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Альмагамбетов А.К атап өтті. Сондықтан алдын-ала салықтарды төлеу бойынша бәрі дұрыс екенін тексеріп алған жөн болады.

       Және де ҚР ҚМ МКК «Электрондық қызметтер»  сайтының онлайн-сервисінде көлік құралы салығын есептеп қана қоймай, түбіртекті басып шығаруға болатынын еске салды.

Тақырыпты ары қарай  борыштармен жұмыс басқармасының оңалту және банкрот бөлімінің басшысы Сағындыкова В.Е.жалғастырды. Ол, қазіргі уақытта Қостанай облысының бакроттық өндірісінде банкроттық басқарушылармен, өтеуге шамасы келмейтін қарыздардың кредиторлар алдында келтірілген зияндарды ортақтасып өндіріп алу жолымен  ұйымдардың лауазымдық тұлғаларын, оның ішінде басшыларды, құрылтайшылар және бухгалтерлерді ортақ жауапқа тарту нормаларын қолдану тәжірибеде екенін хабарлап өтті.

Осы уақытта екі кәсіпорын бойынша 79 млн. теңгеге талап арыз берілді.

 

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті.