Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлер күні
Аудандық Мәдениет үйінде ағымдағы жылдың 23 маусым күні «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлер күніне» арналған салтанатты шара өткізілді. Алтынсарин ауданының әкімі Б.М. Ахметов мемлекеттік қызмекерлерді құттықтай отырып, ел мейрамдары күнтізбесіндегі жаңа күн мемлекеттік қызметкерлердің еңбектері ең жоғары дегейде танылған деп бағалады.
Салтанаттық жағдайда адал жұмыс жасағаны үшін, кәсіпітілік, ең жоғары адамгершіліктері үшін, мемлекетке және қоғамға қызмет жасағаны үшін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлер күнін мерекелеуге орай, Алтынсарин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілерімен жұмыс бөлімінің бас мамандарына Жолдыбаева Шынар Сардайқызына, Иманбаев Дамир Талғатұлына және Тулепергенев Жанат Өразбайұлына аудан әкімінің мақтау қағазы табыс етілді.
Алтынсарин ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы