БАҚ өкілдеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттары
28 маусым кәсіби мереке – ақпарат және байланыс жұмыскерлерінің күні, осы мереке қарсаңында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері БАҚ жұмыскерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, шығармашылық ой, жарық мақалалар, сондай-ақ еңбектері мен қызметтестіктері үшін, Департаменттің қызметі туралы мақалаларды шығарғандары және жариялағанғандары үшін алғыс білдірді.
Департамент басшысының атынан «РТРК «Қазақстан» телеарнасына, «Радио КН» радиосына, «Костанайские новости», «Порядок и право» баспа басылымдарына алғыс хаттарын тапсырды, «Егемен Қазақстан» жеке тілшісіне және «Наша газета, «Наш Костанай» газеттеріне құрмет грамоталары берілді.
Департаменттің пресс-қызметі