Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салықтық әкімшілендіру қызметі бойынша баспасөз туры өтті.
2015 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді ескере отырып, аумақтық мемлекеттік кірістер органдары өткізетін «Оқиғалар желісі» жоспарын орындау мақсатында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салықтық әкімшілендіру қызметі бойынша баспасөз турын ұйымдастырды.
Аталмыш іс-шараға Қостанай және Рудный қалаларының БАҚ өкілдері шақырылды.
Баспасөз турын Департамент басшысы орынбасарының м.а. Мұрат Жұмабайұлы Ұржанов кіріспе сөзбен ашып, аталмыш іс-шараны өткізудің мақсаты, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар тудыру бойынша мемлекеттің, Мемлекеттік кірістер комитетінің қолға алған шаралары туралы айтты.
Бұдан әрі Рудный қаласы бойынша МКБ басшысы Сейлжан Аделханұлы Ахметов БАҚ өкілдерін басқарманың барлық бөлімшелерімен таныстырды, бөлім басшылары атқаратын міндеттері жайлы қысқаша айтып берді.
Баспасөз турының соңында БАҚ өкілдерімен сұрақ-жауап тартысы өтті.
Аталмыш шара БАҚ өкілдеріне Рудный қаласы бойынша МКБ
қызметкерлері, құрылымы және қызметімен, салықтөлеушілер үшін барынша қолайлы жағдайларды жасау, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан шаралармен танысуға, сондай-ақ Рудный қаласы бойынша МКБ барлық жұмыс процесін өз көзімен көруге мүмкіндік берді.
Өз кезегінде БАҚ арқылы салықтөлеушілерге біздің міндетіміз бизнеске жайлылық, салықтарды төлеуге қолайлы жағдай тудыру екенін жеткізу. Біздің қадамдарымыздың Қазақстанда бизнесті жеңіл әрі оңай жүргізуге болатын қолайлы инвестициялық жағдайды құруға әсер ететін үрдістердің ашықтығы, түсініктілігіне негізделеді.