Қостанай облысы бойынша Мемелкеттік кірістер департаментінде біліктілікті арттыру курсы өтуде
Қостанай қаласында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Оқу әдістемелік орталығы «Қаржылық академия» АҚ-мен бірлесіп мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру курстарын өткізу жоспарына сәйкес 2015 жылғы 29 маусымнан 03 шілде кезеңінде «Есептеу әдістемесі бойынша ҚСҚЕХС сәйкес қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп» тақырыбына біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.
Мұндай курстар Астана, Атырау, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Орал қалаларында маусым-тамыз аралығында өтеді.
Курсты өткізу өзектілігі бухгалтерлік есепті енгізудің дүниежүзілік стандарттарын білу қажеттілігіне көңіл аударылады, сонымен қатар аумақтық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарының тәжірибелерімен аймалысуы.
Оқу процессінде тыңдаушылар есепке алу саясатын реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен танысады.
Әр тақырыпты өткен соң тындаушылар автоматты режимде тест тапсырады. Тындаушыларға сауалнама жүргізу жоспарлануда. Курсты өту ретіне қарай тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.
Пресс-служба Департамента