Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңестің кезекті отырысы өткізілді
2015 жылғы 30 маусымда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Консультативтік кеңестің кезекті отырысы өткізілді.
Отырысқа Консультативтік кеңестің мүшелері, жұмыс топтары, Қостанай қаласы бойынша МКБ және «Қостанай-КРО» кеден бекетінің басшылары қатысты.
Күнтәртібінде мынадай тақырыптар талқыланды:
- Тауарларды кедендік ресімдеуге қатысты кеден заңнамасындағы өзгерістер;
- ҚҚС қайтаруды асыру бөлігінде тақырыптық тексерулерді жүргізу кезінде салық және өзге де нормативтік-құқықтық нормаларды қолдану кезінде туындайтын өзгерістер.
Отырысты Кеңес төрағасы, Департамент басшысы А.М. Паяев ашты, Елбасы қабылдаған бес институттық реформаларды іске асыру бойынша «100 нақты қадам» ішкі және жаһандық шақыруларға жауап болып табылады және шағын және орта бизнесті дамыту және қолдауға бағытталған кешенді шаралар анықталған бір кезеңде елдің дамыған 30 елінің қатарына ену жоспары болып табылады. Оны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті тұрақты түрде мемлекеттік мемлекеттік қызметті жетілдіру және бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмыс жүргізеді.
Осылайша, қызмет алушылар үшін рәсімдерді жеңілдету шеңберінде салықтөлеушілер Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан жеке салықтық қызметтер ала алады.
Салықтарды төлеу, бизес үшән қызмет көрсету сапасын жоғарылату, қате түсімдерді азайту бойынша салықтық міндеттемелерді орындау рәсімдерін жеңілдету мақсатында, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап бюджеттік сыныптау кодтары қысқартылады – 215-тен 119 БСК қысқартылады, бұл жартысынан көбін құрайды, 96 БСК сақталады.
Кеңестің төрағасы Департаменттің ашықтылық және айқындылықты ұстанатынын, кез келген формат және уақытта алаңдарда өзара ынтымақтастыққа дайын екендігін атап өтті.
Бірінші мәселе бойынша Департамент басшысының орынбасары м.а. А.А. Ли сөз сөйледі, ол уәкілетті экономикалық операторларға қатысты кедендік заңнамадағы соңғы өзгерістер, кедендік декларация бойынша маманның біліктіліктілік аттестаттарын алуға біліктілік емтихандарын өткізу тәртібіне тоқталды.
Екінші мәселе бойынша Департамент басшысының орынбасары м.а. М.Ж.Уржанов сөз сөйледі, ол ҚҚС асыруды қайтару бойынша тексерулер кезінде туындайтын негізгі пробеламалық мәселелер туралы айтты.
КК төрағасы КК отырыстарында кеңестің өкілдері болып табылатын бизнес қоғамдары көтеретін проблемалық мәселелер, және ұсыныстар болса ортаға салуға болатынын айтты.
Сұрақтарды талқылау барысында салық заңнамасындағы ұсыныстармен Қостанай облсының кәсіпкерлер палатасының директоры М.Т. Әбенов, ал мемлекеттік кірістер органдары және бизнестің өзара ынтымақтастығы туралы «ССГПО» АҚ экономика, бизнесті трансформациялаудың қаржысы бойынша вице-президенті С.Н. Темиргалиев сөз сөйледі. Келіп түске ұсыныстарды КК жұмыс тобы шешім шығару үшін қарастыратын болады.
Кеңес соңында, А.М. Паяев қатысушыларға Кеңестің отырысына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты, Астана күні мерекесімен құттықтап, бірлескен жұмыста табыстар тіледі.